379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік жастар елорда атауын өзгерту бастамасына қолдау білдірді

  • 135
  • UPD: 15:37, 25.03.2019

Шымкенттегі орталық ипподромға жиналған 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар «Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» деп дауыстап, еліміздің бас қаласының жаңа атауына өз қолдауларын білдірді.

Бұл күні орталық атшабардың алаңында халықаралық «Ashyk aspan» фестивалі өтіп, танымал өнерпаздар Шымқала аспанын әнмен әуелетті. Кешке арнайы келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһар халқын фестивальға қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Концерттің соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі:

– Мен бұл шараға арнайы шаһар халқын фестивальмен құттықтауға келдім. Фестиваль халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Біз алдағы уақытта Шымкентті әуе шарларының астанасы ретінде көргіміз келеді. Себебі келесі жылы Шымшаһар ТМД-ның мәдени астанасы атанады.

Хабар 24 телеарнасы