388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы қала әкімдігінің алдында концерт өтті

  • 324
  • UPD: 18:16, 25.03.2019

Елордада бір топ өнерпаздардың қатысуымен концерт өтті. Қала әкімдігінің алдында танымал шығармашылық ұжымдар жиналып, бар өнерін ортаға салды.

Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер елордаға Нұр-Сұлтан есімін берілуін қолдап, жылы лебіздерін жеткізді. Елбасының мемлекет дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Айболат Сексенбаев Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры:

- Наурыз мерекесі қарсаңындағы үлкен шешімдердің бірі Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруі. Бұл енді Елбасымыздың құрметіне арнайы жасалған шешім деп қабылдаймын өз басым. Біздің театр ұжымы осы шешімді құптап және Президентіміздің осы шешімін қолдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы