376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында бірқатар медициналық мекеме бой көтерді

  • 145
  • UPD: 17:41, 25.03.2019
Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында бірқатар медициналық мекеме бой көтерді

Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 200-ге жуық су жаңа медициналық мекеме бой көтерді. Барлығы да заманауи озық технологиямен жабдықталды.

Жалпы өңірде денсаулық сақтау саласы жақсы дамыды. Тың емдеу әдістерін енгізу арқылы халықтың орташа өмір сүру жасы ұзарды. Батыс аймақта құрылған баламасы жоқ медициналық кластер құрамына кіретін облыстық аурухана жылына 15 мың науқасқа ем-дом жасайды. Қаладағы ірі ауруханаларда бір мезетте 1000 сырқатты қабылдау мүмкіндігі бар. Олардың көбіне күрделі операциялар жасалады. Ақтөбелік медицина саласының қызметкерлері осындай жетістіктер Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында дейді. Тәуелсіздік жылдары салынған нысандардың біразын Тұңғыш Президенттің өзі келіп, салтанатты түрде ашқан еді.

Қайрат Сабыр, дәрігер-хирург:

- Мен дәрігер ретінде біраз елді аралап көрдім. Адам көп нәрсені салыстыру арқылы түсінеді. Елден жырақта жүргенде Қазақстанның көп елден көш ілгері дамығанын көресіз. Елдегі тыныштық пен бейбіт өмірдің өзі көңілге сенім ұялатады. Осындай мемлекет қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор.

Хабар 24 телеарнасы