379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы ірі металлургиялық кешеннің өндіріс қарқыны артып келеді

  • 142
  • UPD: 18:45, 25.03.2019
ШҚО-дағы ірі металлургиялық кешеннің өндіріс қарқыны артып келеді

Шығыс Қазақстандағы ірі металлургиялық кешеннің өндіріс қарқыны жыл сайын артып келеді. Қазір мұнда жылына 300 мың тоннадан астам мырыш пен 150 мың тонна қорғасын шығарылады.

Сонымен қатар мыс, алтын, күміс өндірісі де жолға қойылған. Зауытқа цифрлық технология да жан-жақты енгізіліп жатыр. Кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде белсенділік танытып, тек соңғы екі жылда өлкенің дамуына 20 миллиард теңге жұмсаған. Дегенмен өндіріс орнының өркендеуі тікелей Елбасы қолдауының арқасы деп санайды металлургтер. Өйткені өз еңбек жолын металлург болып бастаған Тұңғыш Президенттің ел игілігі үшін төккен тері мен атқарған еңбегі ерен дейді олар.

Сергей Серов, мырыш зауытының аға шебері:

- Шығыс қазақстандық металлургтердің Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласы ерекше. Біз Елбасымен бірге қиын уақыттарды бірге өткердік. Сонау 90-шы жылдарғы сындарлы  кезеңнен өз халқын үлкен даналықпен басқарып, аман есен алып өтті. Қазір мінеки, дамыған 50 елдің қатарындамыз. 

Андрей Лазарев, металлургиялық кәсіпорынның атқарушы директоры:

- Қазақстан халқы үшін Елбасы сияқты дара тұлғаның, тұңғыш президенттің алар орны айрықша. Өскелең ұрпақ, болашақ жастар Нұрсұлтан Назарбаевтың ел егемендігі үшін сіңірген еңбегін ұмытпайды деп ойлаймын.Өйткені оның өз Отаны үшін атқарған ісі, қосқан үлесі шексіз.

Хабар 24 телеарнасы