389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Нұр-Сұлтан менің елордам» атты форум өтті

  • 820
  • UPD: 20:45, 25.03.2019

Шараға аймақтағы барлық жастар ұйымдарының белсенділері, қоғам қайраткерлері, этномәдени орталықтардың жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, аймақ тұрғындары Тұңғыш Президенттің ел дамуы жолында сіңірген ерен еңбегі, қала берді осынау бас қаланың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қызу талқылап жатыр. Концерттік бағдарлама түрінде ұйымдастырылған форум барысында патриоттық әндер шырқалды. Қоғам белсенділері  осынау тарихи шешімге орай өз пікірлерін ортаға салды. 

Абат Қыдыршаев,  педагогика ғылымдарының докторы: 

- Астанадағы қазақ елдінің бойтұмар іспеттес Астанамызды, оның әрбір кірпішін әр тасын, әрбір Астанада елге көрік беріп тұрған ғимаратын өз қолымен ерекше сарабдалдықпен ұсына білуі, астана қаласының бас сәулетшісі, архитекторы бола білуі мұның өзі тағы да кейінгі ұрпақты ойлантса керек. Ендеше, осындай қазақ елінің астанасын Нұр-Сұлтан есіміен атау қолдауға лайық шешім деп ойлаймын.  

Болған Елеуова,  Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің қызметкері: 

- Біз тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы елорданың Астанадан «Нұр-Сұлтан» өзгеруін қолдаймыз. Себебі біздің осы бейбіт заманда, елдің тыныш өмірде сүруі елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы