379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО халқы елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір айтты

  • 178
  • UPD: 20:10, 25.03.2019
СҚО халқы елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір айтты

Елорда атауын өзгертуге қатысты тарихи бастамаға солтүстік қазақстандықтар да өз пікірін білдіріп жатыр. 

Nur Otan партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зельдің айтуынша: «Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген еңбегін ештеңемен салыстыруға болмайды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сарабдал саясатының арқасында, қиын-қыстау кезеңде мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қала алды. Сондықтан «Елбасы есімін ұлықтау- елдігіміздің белгісі» дейді ол.

Александр Зель, Nur Otan партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Менің ойымша, Астана қаласын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту дұрыс шешім. Себебі бұл дегеніміз Тұңғыш Президентіміздің ерең еңбегін бағалау. Мұнымен қоса Елбасына деген құрметіміз. Сондықтан солтүстік қазақстандықтар бұл бастаманы бір ауыздан қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы