389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша мемлекеттік мекеме басшылары кең кабинеттерден бас тарта бастады

  • 697
  • UPD: 22:23, 25.03.2019

Бұдан былай олар  бірінші қабатқа  шынымен қоршалған кабинеттерде отыратын болады. Бұл бастамаға алғаш болып  елордадағы төрт бірдей аудан әкімдігі үн қосты. Алдағы жартыжылдықта барлығы «бэк офис» жүйесіне көшуді жоспарларлап отыр. Ал Сарыарқа ауданы бұл жаңашылдықтың тиімділігін көре бастаған.

Елордадағы Сарыарқа ауданы әкімдігі мекемеден мың шаршы метр аумақты босатып берді. Бұл жылына 32 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша осылай 10 жыл үнемдеген жағдайда бір балабақшаның құрылысына кететін қаржы жиналады. Ал, әкім аумағы 17 шаршы метр кабинетке көшті.  Әкімдік осыдан үш ай  бұрын ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «фронт кеңсе» жүйесін енгізген болатын.

Жазира Жылқышиева, ҚР МҚІСЖҚІҚА департаментінің басшысы:

- Бұрынғыша кедергі жоқ. Кез келген азамат, ауданның тұрғыны болсын, қала тұрғыны болсын, қонақтар болсын кіруге толық мүмкіндігі бар. Бұл бірінші кезең, ал екінші кезеңге куә болып тұрсыздар. Жоғарыда отырған әкімдіктің қызметкерлері барлығы, бөлім басшылары, аппаратат жетекшісі, әкім орынбасарлары төменгі қабатқа түсіп, мынадай әйнектің артында отыр. 

Фронт кеңседе халыққа азаматтық хал актілерін тіркеу, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты бірнеше  қызмет көрсетіледі. Оған қоса мұнда  балалар ойнайтын шағын алаң мен кішігірім кітапхана да бар. Егер тұрғындар келген шаруасын бітіре алмаса, бірден бөлім басшыларына кіре алады.

Талғат Рахманберді, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары:

- Ешқандай есік жоқ. Қабырға жоқ. Ешкімді күтудің қажеті жоқ. Келіп мына жерден талонды алады да тікелей барып өздері тапсыра береді. Ол келгенді қуантады. Сосын басқа да 22 қызмет көрсетіледі ғой. Сол 22 қызметтің сұрақтары болса кез-келген адам құжаттарын маманға тікелей қояды.Оған қанағаттанбаса тікелей басшыларға өте алады. Біз оған дайынбыз.

Бұл жұмыстар Елбасының мемлекеттік қызметті оңтайландыру тапсырмасына сәйкес жасалып жатыр. Алдағы уақытта  қағазбастылықтан арылтып, әкімдіктердегі құрылымдық бөлімшелерді азайту міндеті де тұр. Мақсат- халық пен билік арасындағы алшақтықты жою.

Райхан Мәметова, қала тұрғыны:

- Әкімдікке келіп едік балаларды неке туралы кулігін алуға құжатын тапсыруға. Қазір кезекте тұрмыз. Бірақ бұрынғыдай кезек жоқ. Бәрі орынды жасалған. Қажетті мамандардың барлығы төменде отыр.

Жаңа жүйеден Елордадағы мектеп директорлары да қалыс қалмады. Олар да кең кабинеттерін оқушыларға беріп, өздері кіреберісте орналасқан шағын әйнекпен қоршалған орынға  ауысты.

Хабар 24 телеарнасы