389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда ауыз су сапасын арттыруға тың технология қолданылады

  • 833
  • UPD: 22:31, 25.03.2019
Қостанайда ауыз су сапасын арттыруға тың технология қолданылады

Қостанайда ауыз судың сапасын арттыруға тың технология қолданылады. Озық үлгідегі зарарсыздандыру станциясының басымдығы осындай.

Сәуір айында пайдалануға берілетін жобаның құны 630 млн теңге. Бүгінде облыс орталығы тұщы суды Тобыл өзені мен жерасты суынан алып отыр. Екеуінен тәулігіне 50 мың тонна тіршілік нәрі жеткізіліп, зиянды заттардан тазаланады. Ал жаңа станция электролизді құрылғымен осынша көлемдегі су мөлшерін бір өзі тазартфып береді. Зарарсыздандыру процесі хлорлы ерітіндімен дәлме-дәл атқарылады.

Еркебұлан Файзулаев, «Қостанай-Су» МКК директоры:

- Ол хлор ерітіндісін жасайтын болады. Содан кейін жаңа тазартқыш ғимаратын салу жоспарымыз бар. Судың сапасы жұмсақ болды деп айтуға болады. Химиялық көрсеткіштер нормадан төмен. Мысалы, судың кермектілігі төмендеді. Соның бәрі судың сапасын жақсартуға әкелді.

Хабар 24 телеарнасы