376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанның мақта зауыты медициналық өнімдер шығарады

  • 229
  • UPD: 23:09, 25.03.2019

Түркістан қаласында мақтаны тереңінен өңдеп, 100-ден аса өнім түрін шығаратын зауыт бар. Кәсіпорын 2004 жылы құрылған.

Ол кезде 12 түрлі өнім өндіретін. Бүгін де еліміз бойынша медициналық өнімдер шығаратын бірден-бір іргелі зауытқа айналды. Мұндағы өнімдер тек қана 1-сұрыпты таза мақтадан жасалады. Халық күнделікті тұрмыста тұтынатын медициналық мақтадан бастап, сулы майлықтар, мақта таяқшалары мен орамдар, косметикалық бұйымдар және басқа да өнім түрлерін шығарады. Зауыт айына 25-30 тонна өнім өндіреді. Мұнда 150-ден аса адам жұмыс істейді.

Әбдірасыл Құрманалиев, зауыт директоры:

- Бұл өнімдерді бүкіл Қазақстан бойынша үлкен-үлкен мекемелермен арамызда келісім-шарт жасалған. Біз айтқан жеріне айтқан уақытында жеткізіп береміз. Медициналық мақтаға келсек, бүкіл Қазақстан бойынша 1 айлық қажеттілігі 35-40 тона болады екен. Біз соның 25-30 тоннасын қамтып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы