379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кентау қаласының тұрғындары биылғы Наурызды ерекше тойлады

  • 196
  • UPD: 23:04, 25.03.2019
Кентау қаласының тұрғындары биылғы Наурызды ерекше тойлады

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының тұрғындары биылғы Наурызды ерекше тойлады.

Кеншілер қаласындағы Ұлыстың ұлы күні бір кездері Қазақ хандығының Ақ ордасы болған көне Сауран қалашығында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат - тарих пен мәдениетті жастардың санасына сіңіру. Х-ХV ғасырға тән Сауран қалашығының сақталуының сыры сол аймақтың сазында бентаниттің болуында жатыр дейді ғалымдар. Мұндағы мейрам өз сән-салтанатымен ерекшеленіп, ұлттық салт-дәстүрлер айшықталды. Жұршылыққа дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Хайрулла Қожабаев, зауыт директоры:

- Біздің мақсатымыз елді ынтымаққа, бірлікке шақыру. Халықтың бұл тұрып жатқан жері тарихи маңызы бар біздің ел үшін, өте сондай қасиетті мекен болғандықтан өсіп келе жатқан біздің өскелең ұрпақ өздерінің тарихын білсін дедік.

Хабар 24 телеарнасы