379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау жастары Елбасыға деген ізетпен қойылымды сахналады

  • 232
  • UPD: 23:45, 25.03.2019

Елорданың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін қолдаған 2 мыңға жуық маңғыстаулық Ақтаудағы ең үлкен спорт кешенінде бас қосты. Аймақ жастары Тұңғыш Президентке деген құрметтерін «Біз Елбасымен біргеміз!» атты театрландырылған қойылым арқылы жеткізді.

Қойылымға 300 белсенді жас қатысты. Айтулы шараға өлкенің өнерпаздары да үн қосты. Туған ел, Қазақстан, Атамекен туралы әндер шырқалды. Ал, ақындар Елбасының ерен еңбектері жайлы жазылған арнауларын оқыды. Өз пікірін білдіруге келгендердің қатарында мұнайшылар, зауыт жұмысшылары, студенттер, жас мамандар, ассамблея мен қоғамдық ұйым өкілдері бар. 

Қаныбек Жұмашев, Nur Otan партиясының хатшысы:

- ҚР Президент Қ.Тоқаевтың конституцияға өзгеріс енгізуі туралы жарлығына қол қойылғаннан кейін барша қазақстандықтардың өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, саяси және әлеуметтік жағдайларда үлкен жаңару болды деп есептейміз. Бұл Елорданың «Нұр-Сұлтан» болып аталғаны. Әрине, бұл үлкен тарихи шешім. Бұл шешім Қазақстан халқының өзінің арасынан шыққан ұлына, біртуар еріне деген үлкен ризашылығы деп түсінуіміз керек.

Марат Сибасов, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

- Осы Маңғыстау ауылында өскен мен сияқты балаға армандасам да ешқашан қол жеткізем деп ойламаған үлкен өмірдегі белеске шығуға себепші болған оқиғаны айтқым келеді. Ол біздің Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Лондон қаласында білім алуым. Сол кезде шетелдің көп мемлекеттерінен жиналған менімен бірге оқыған жастар, студенттер маған қызыға да, қызғана қарайтын. Өйткені осындай мемлекеттік бағдарламамен және мемлекет қаражатына әлемнің белді университеттерінде білім алуға мүмкіндік туғызған сіздің Президент неткен көреген адам, сіздер неткен бақыттысыздар деп маған сан рет айтқан болатын. Ол кісінің бізге жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Сол себепті жастар атынан Елбасының өзінің баласы іспеттес Астана қаласын ол кісінің атымен атау бұл үлкен жақсы шешім.

Хабар 24 телеарнасы