379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейліктер Елбасымен бірге жеткен жетістіктерді жоғары бағалайды

  • 140
  • UPD: 23:47, 25.03.2019
Семейліктер Елбасымен бірге жеткен жетістіктерді жоғары бағалайды

Өткен ғасырдың 90-жылдары Одақ тарап, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары қиындықтар көп болды. Алайда саяси-экономикалық дағдарыстардан елімізді аман-есен алып шыққан Елбасымыз жарқын болашаққа жетеледі.

Семей тұрғындары да Тұңғыш Президенттің ұшан-теңіз еңбегін жоғары бағалайды әрі оның игі бастамалары одан әрі жалғасатынына сенім білдіріп отыр.

Жұмағали Сағадиев,  қала тұрғыны:

- Кеше әрине қарап отырғанда жүрегіміз қозғалып. Тәуелсіздік алғанда есімде бар сол кезде, тұрмысымыз төмен болғанда Нұрсұлтан Әбішұлы митингіде халыққа айтқан: «Кішкене шыдаңдар, әлі бәрі де болады, әлі дүкендеріміз толады деп. Сол есімде бар. Міне 30 жылдың ішінде бәріміз соған жеттік. Қазір Құдайға шүкір, нанымыз да бар, киіміміз де бар. Қазір міне бұрын шеттен әкелетін, өзімізде бірнеше зауыттар салынды автокөліктер шығарып жатыр. Қытай бір жағынан, Ресей бір жағынан 2 үлкен мемлекет арасында отырған бәрімен тіл табысып, ол әркімнің қолынан келмейді.

Любовь Маслова, қала тұрғыны:

- Менің ойымша, еліміздегі игі жетістіктің барлығы Елбасының ерен еңбегі. Ең бастысы, тыныштық пен тұрақтылық бар. Экономикамыз да өсіп келеді. Енді осы бағыттың бәрі жалғасын тауып, Қазақстанымыз одан әрі өркендейді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы