377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды тұрғындары: Елорданың атауын ауыстыру – орынды шешім

  • 206
  • UPD: 08:16, 26.03.2019

Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қарағандылықтар да құптайды.

Ұлық мейраммен тұспа-тұс келген бұл тарихи сәтті кенді өлкенің жұрты жақсылыққа балап отыр. Танымал тұлғалардың есімін қалаға беру әлемдік тәжірибеде бар. Ал Елбасы – қазақ елінің дүниежүзіне дербес мемлекет ретінде танылуына шексіз еңбек сіңірген адам. «Сондықтан Астана атауының ауыстырылуы Қазақстан халқының Тұңғыш Президентке көрсеткен құрметі деп түсінеміз», – дейді тұрғындар.

Ержан Хамитов, қала тұрғыны:

- Елбасына алғысым шексіз. Елімізді аяғынан тік тұрғызып, осындай үлкен дәрежеге жеткізді. Жалпы, елімізде ғылым, білім, мәдениет, өркениет, барлығы өз ретімен дамып келе жатыр. Бұның жолында Елбасымыздың еңбегі орасан зор. Сондықтан да мен Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін толықтай қолдаймын. Қарағандының жастары осы атауды толықтай қолдайды.  

Ержан Шынкеев, «Қазақстан барысы-2018» жеңімпазы:

- Қазақстанымыздың осылай гүлденуі, үздік 50 мемлекеттің қатарына кіруі, осының бәрі Елбасымыздың арқасы деп кәміл сенемін. Бізге де, спортқа үлкен көмек, қолдау көрсетті. Елбасымыздың атымен Астананың атын Нұр-Сұлтан деп қойып жатыр. Елбасымыздың еңбегі ерен. Ол кісінің аты мәңгі қалады деп сенемін.

Татьяна Жүнісова, қала тұрғыны:

- Наурыз мейрамы кезінде болып жатқан өзгерістер тек жақсылық әкелсін. Мен Астана қаласының Нұр-Сұлтан қаласы деп аталғанын қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы