377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен тұрғындары: Елорданың өзіне лайық атауын иемденуі – заңдылық

  • 180
  • UPD: 08:15, 26.03.2019

«Астанамыз – Нұр-Сұлтан!» Өскеменде осындай атаумен патриоттық акция өтті.

«Елорданың өзіне лайық атауын иемденуі заңдылық», – дейді қатысушылар. Акцияда бас қосқан мыңдаған шығысқазақстандықтың пікірі ел астанасы Елбасының төл туындысы дегенге тоғысады. Еңбек ұжымдары мен қоғам белсенділері және жастар өкілдері Ұлт көшбасшысының еліміздің әр аймағын дамытудағы қажырлы еңбегіне жоғары баға берді. «Ал астананың Нұр-Сұлтан аталуы орынды», – дейді жиналғандар. Олардың айтуынша, бас қала бүкіл қазақ елінің мақтанышы, сондықтан әлемге әйгілі болып келе жатқан сәнді шаһардың тарихы Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты екенін жас ұрпақ та сезініп өсуі керек.

Марлен Әбубәкір, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына жасаған сарабдал жұмысы, 30 жылдан асатын өзінің нәтижесі деп ойлаймын. Елордамыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына берілуі – Астана қаласын Нұрсұлтан деп өзгерту 30 жыл жасаған жұмысының еңбегі деп білеміз.Біз, жастар Елбасымызды қолдаймыз. Жастар жылы  деп Елбасы да қолдаған болатын. Сондықтан жастар үшін жасалатын жұмыс әлі де көп.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Астананы Нұр-Сұлтан деп атау – орынды шешім. Өйткені Елбасы есімі елордаға лайық  деп санаймын. Менің ойымша, Астана атауы ел астанасы дегенді ғана білдіретін уақытша атау сияқты болып келді. Ал қазір ол шаһардың әдемілігіне тіл жетпейді. Тіпті жан-жақтан келген спортшылар да тамсанысын жасырған емес. Сондықтан бас қаламызға неғұрлым тұғырлы, салмақты атау жетіспей тұрғандай еді. Ендеше Нұр-Сұлтан деп аталса, ол атау қаланың ажарын ашып, абыройын асқақтата түспек.

Хабар 24 телеарнасы