378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде үш жатақхана салынады

  • 164
  • UPD: 08:01, 26.03.2019
Ертіс өңірінде үш жатақхана салынады

Осының арқасында білім беру жүйесі кәсіби-техникалық мамандар даярлайтын колледждерде баспанамен қамту мәселесін түбегейлі шешеміз деп отыр.

Қазір аймақта 23 жатақхана бар. Бұл нысандарда 2 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Ал мыңнан астамы баспанамен қамтылмаған. Бұрнағы жылы мұнда түсті металлургия және монтаждау колледжінің жанынан  екі жатақхана іске қосылған болатын. Биыл, сәтін салса, Павлодардың Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжі көлік және коммуникациялар, сондай-ақ Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжінің өз жатақханасы болады.

Алма Айтуарова, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

- 2019 жылы Екібастұздағы аймақаралық кәсіби орталықтың және  Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжі жанындағы жатақхананың құрылысы аяқталады. Демек біз кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде оқитын студенттер үшін жатақхана мәселесін толық шешеміз.

Авторы: Қарлығаш Қасиетова

Хабар 24 телеарнасы