379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында кәсіпкерлікке үйрететін жоба басталды

  • 146
  • UPD: 08:05, 26.03.2019
Алматы облысында кәсіпкерлікке үйрететін жоба басталды

Алматы облысында 1,5 мыңдай адам кәсіпкерлікке бейімделмек.

Олардың кейбірі жұмыссыз жүргендер болса, кейбірі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар. Бұл көпшілікке таныс «Бастау» жобасының көмегі арқылы жүзеге асырылмақ. Жалпы, бұл жоба бойынша кем дегенде 300 адамның жеке бизнес-жоспары қаржыландырылатын болады. Оқу курсы 1 ай мерзімге созылады. Тыңдаушыларға салық төлемдері мен маркетингтің негіздері бойынша сабақтар өтіледі.

Арнұр Тоқанұлы, бизнес-тренер:

- Бизнес-жоспар қорғап шыққан соң, бұл кісілерге сертификат беріледі. Ол сертификатпен 6-7 пайыз микронесие алуға болады және мемлекеттік гранттарға қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы