377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жаңартылған көшелердің тоз-тозы шыққан

  • 151
  • UPD: 10:38, 26.03.2019

Қарағанды облысына қарасты қалада коммуникациялық жүйелер ауыстырылып, салдарынан сап-сау жолдар қопарылған.

Тұрғындар енді саз кешіп жүр. 25 мың халқы бар шаһардың басты мәселесі сапалы жол болып тұр.

Абай – Қарағанды облысына қарасты қала. Былтыр кейбір жолдары жөнделген еді. Бірақ сол жаңартылған көшелердің көп ұзамай тоз-тозы шықты. Себеп қаланың басшылығы кәріз және су жүйелерін ауыстыруды бастапты. Содан бәрін қопарып тастаған. Бұған енді тұрғындар назалы.

Владимир Падалко Абай қаласының тұрғыны:

- Жап-жаңа жолдарды қиратып тастады. Ойдым-ойдым. Жай ғана тегістей салыпты. Асфальт жоқ. Қаншама қаражат бөлінді ғой кезінде. Нәтижесі осы болды ма?!

Сергей Корощенко, Абай қаласының тұрғыны:

- Жолдың жайы уайым болды. Көктем келіп езілді. Саз-батпақ. Жүру мүмкін емес. Топырақ иленіп жатыр.

Даудың басы болған кәріз бен су жүйесін ауыстыру жұмыстары кейінгі 30 жылда алғаш қолға алынып отыр. Жұрттың ашынатыны, бүгін салған жолды ертең қайта қазып бүлдіріп тастайды. 

Көріністі тұрғындар арнамызға жолдапты. Содан Абай қаласының әкімдігіне хабарластық. Көп ұзамай әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы мәлімдеме жарияланды. Әкім былай депті:

Медеу Ахметов, Бай қаласының әкімі:

- Жекелеген аумақтарда жөндеу жұмысы аяқталған соң қаланы абаттандыру ісін қолға аламыз. Биылдың өзінде Курчатов, Тәуелсіздікке 10 жыл, Карл Маркс, Абай, Гёте, Мектеп, Өндіріс және 3-мөлтек аудандарының көшелері жөнделетін болады.

Осыдан соң әкімнің өзіне жолықтық.

Медеу Ахметов, Абай қаласының әкімі:

- 2-3-ықшам ауданындағы сұрақ бойынша ескі трассаға қосылу үшін ол жерде жер қазу жұмыстары болды. Биыл ол жерде мердігер компания есебінен ол жерде аббаттандыру жұмысын жүргізеді. Өз есебінен. Әрі қарай осы жұмыстар аяқталған соң жылма-жыл әрбір көше бойынша орташа деңгейде жөндеу жүргізу басты назарда тұрған мәселе.

Жолдар рет-ретімен жөнделмек. Ал кәріздерді ауыстыру жұмысы 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Авторы: Қорған Төреқожа, Марк Брюшко, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы