388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық ғалым бет терісін жақсартатын жасуша ойлап тапты

  • 460
  • UPD: 15:31, 26.03.2019

Елімізде косметология саласында да тың жетістіктер аз емес.

Шетелдік жоғары оқу орындарының түлегі, ғалым Болат Сұлтанқұлов бірнеше жылдан бері тері жасушаларын өсірумен айналысады. Елорда мен Алматыда заманауи зертханалар ашып, осы бағытты дамытып жатыр.

Болат Сұлтанқұлов 6 жылдан бері тері жасушаларын өсірумен айналысады. Бұл – оның күнделікті жұмыс орны. Ғалым зертханаға кірер бойда арнайы медициналық киімдерін киіп, мұқият дезинфекция жасайды. Себебі мұнда барынша таза болуы керек. Ал жасушалар тоңазытқышта сақталып, өздігінен көбейеді. Әр жасуша шамамен 2 ай өмір сүреді.

Болат Сұлтанқұлов, генетик:

- Бұл жасушаларды өсірген соң біз косметолог дәрігерлерге өткіземіз. Олар оны адамның терісіне егеді. 12-18 айдан кейін емделушінің терісі жақсара түседі.

Жаңа жасушалар бет терісін жақсартып қана қоймай, тыртықтарды кетіруге де ықпал етеді. Бірақ елімізде бұл салада еңбек ететін ғалымдар саусақпен санарлық.

Болат Сұлтанқұлов, генетик:

- Мен институтта еңбек етіп, ғылыммен айналысып қана қоймай, үнемі өз ісімді қолға алуды ойлайтынмын. Бірінші кезекте зертхана ашып, елімізде осы саланы дамытуға болатындығын өз-өзіме дәлелдегім келді. Әрине, бұл оңай емес, бірақ қолдан келетін іс.

Білікті ғалым небәрі 30 жасында Ноттингем және Питтсбург университеттерінің түлегі атанды. Қазір ол әріптестерімен бірге бірқатар жобаларды бастап кетті. Соның бірі – полимер өндіру. Оны адамның бет терісіне ексе, теріні сол қалпында сақтап қалуға болады. Ғалымдар мұнымен шектелмей, шаштың түсуін тоқтату бағытында да зерттеу жұмыстарын қолға алған.

Авторлары: Андрей Деменок, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы