376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттіктер астанамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдайды

  • 170
  • UPD: 10:50, 26.03.2019
Шымкенттіктер астанамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдайды

Осыған орай шаһарда «Бас қалам – Нұр-Сұлтан!» акциясы өтті.

Қаланың орталық көшелерінің біріндегі Арбат демалыс саябағындағы мәдени шараға 2000-дай адам қатысты. Шымшаһардың тұрғындары мен қонақтарына еліміздің эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. Наурыз мерекесімен құттықтады. Ал зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып қолдау білдірді. «Егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке лайық», – дейді олар. 

Шалатай Мырзахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Қазақ дейтін ел барын бүкіл әлем біледі. Бүкіл әлемнің ынтымақтастық елдерінің одағы келіп 2013 жылы бізде мәміле жасады. Біздің елде 6 рет дін басшылары келіп бірігіп жатыр. Соның барлығы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен болды. Енді соған қандай құрмет жасаса да жарасады деп ойлаймын.

Айгүл Қапбарова, қалалық Қазақстан журналистер одағы  филиалының төрайымы:

- Ең алдымен Елбасыға біз рақмет айтуымыз керек. Осы 30 жыл ішінде бізге мемлекеттік сананы қалыптастырды. Ұлттық идеяны қалыптастырды. Сондықтан астананың атында тұрған ештеңе жоқ. Мәселе онда емес, мәселе ары қарай дамуымызда.

Хабар 24 телеарнасы