389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулықтар елорданың жаңа атауына байланысты пікір білдірді

  • 620
  • UPD: 11:15, 26.03.2019
Көкшетаулықтар елорданың жаңа атауына байланысты пікір білдірді

Көкшетауда «Арлан» хоккей құрамасының кезекті ойыны алдында аймақ жастары Наурыз мерекесін атап өтті.

Мұнда белсенді жастар мен беделді спортшылар халыққа ән мен биден шашу шашып, ыстық бауырсақ таратты. Сондай-ақ олар осы шараның барысында өздерінің Астанаға Елбасының есімі берілгенін қолдайтындықтарын жеткізді. Айтуларынша, мұндай тәжірибе әлемде бар. Сондықтан оған үрке қараудың қажеті жоқ. Тіпті, қазір жер жаһанда «Қазақстан», «Астана» десе, шетелдіктердің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевты ойға алады. Себебі, Тұңғыш Президентіміздің елге сіңірген еңбегі орасан зор. «Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді жастар. 

Хәкім Хасамбай, актер:

- Осынау 30 жылдың ішінде Сарыарқаның төріне төрткүл дүниенің басын қосатын, бүкіл қазақтың басын қосатын, әлемнің ешқандай шаһарынан кем емес астананы тұрғызды. Осындай еңбек, еліміздің бірлігі бар, экономикасы бар, шекарамызды бекітті. Енді жақсылықтарды санай берсек, саусағымыз жетпей қалады ғой. Бірақ бір астананың атауын берерліктей еңбегі бар Елбасының. Әрине, бүгін-ертең бір құлағымызға басқаша естіліп, әлі үйрене алмай жатқан жайымыз бар. Бірақ ертең біздің балаларымыз қуана-қуана біздің елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына барамыз айтып жүреріне мен кәміл сенемін.

Хабар 24 телеарнасы