379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда астананың жаңа атауын қолдау акциясына 20 мың адам қатысты

  • 167
  • UPD: 20:10, 26.03.2019
Талдықорғанда астананың жаңа атауын қолдау акциясына 20 мың адам қатысты

Нұр-Сұлтан атауын қолдау мақсатында Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында 20 мыңға жуық халық жиналды.

Акцияға қатысқандардың қатарында аудан тұрғындары да болды. Олардың барлығы Астана қаласы атауының өзгеруі сияқты тарихи оқиғаны атап өтуді көздеді. Жергілікті шығармашылық ұжымдар мен отандық эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. Концерттік бағдарлама кешке дейін жалғасты.

Сайхан Тайсуев, ауыр атлетикадан әлем чемпионы:

- Астана қаласының жаңа атауын қолдаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің гүлденуіне сіңірген еңбегі зор. Тұңғыш Президентіміз – елорданың бас сәулетшісі. Сондықтан Елбасымызға осындай құрмет әбден лайық.

Хабар 24 телеарнасы