377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жол апаты: оқиғаның мән-жайы анықталуда

  • 158
  • UPD: 15:30, 26.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы жол апаты кезінде зардап шеккендер саны 27 адамға жетті.

Ресми мәліметтерге қарағанда, жазымнан екі адам көз жұмды. Марқұмдардың бірі – 66 жастағы автобус жүргізушісі, екіншісі – 26 жастағы жолаушы қыз. «Астана ЛРТ» өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған жүргізуші автопаркте 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін марқұмның жұмысына қатысты ешқандай шағым болмаған. Ал жапа шеккендер №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. Оның төртеуі ауыр халде. Үш науқасқа операция жасалып жатыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Таңертең, өздеріңіз көргендей, бағдаршамға келіп тұрған автобустарға артынан қатты жылдамдықпен келген автобус соқтығысқан. Алдын ала мəліметтер бойынша, қазіргі күні 2 адам қайтыс болып, біраз адам жарақат алып отыр. Қазір олардың санына қатысты нақты мəлімет жоқ. Қылмыстық іс оқиға бойынша қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіледі. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін осының барысында біз қосымша тағы да ақпараттарды беріп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы