377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 45 елді мекенді су басу қаупі бар

  • 127
  • UPD: 15:30, 26.03.2019
Ақмола облысында 45 елді мекенді су басу қаупі бар

Ақмола облысында биыл 45 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр.

Олар Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Қорғалжын және Целиноград аудандарының аумағында орналасқан. Сондықтан  қазір аймақта су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жақында өңірдегі барлық өзендерде мұз жару жұмыстары аяқталды. «Олардың бірнешеуінде ылғалдылық деңгейі қалыпты мөлшерден асты», – дейді мамандар. Мәселен, Шағалалы мен Есілде су қоры биыл былтырғымен салыстырғанда 40 процентке артық. Ал атышулы Жабайда әзірге жағдай бірқалыпты. Қазір облыс бойынша 2 мыңнан астам құтқарушы мен 1 мыңнан аса техника дайын тұр. Ауа райын болжаушылар «аймақта әзірге түнгі уақытта ауа температурасы 0 градустен төмен болады», – дейді. Бұл қардың ақырын еруіне оң әсер етеді.

Алексей Советов, облыстық ТЖД басшысы:

- Биылғы көктем негізі өте қиын болайын деп тұр. Себебі, былтырғымен салыстырғанда ылғалдылық мөлшері жоғары. Оған қоса жердің тоң қабаты өте қалың. Ал бұларға жауын-шашын қосылып, күн күрт жылитын болса, жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ барлық шараларды қолға алып, тасқынды болдырмауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы