388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл жастарына бизнесін дөңгелету үшін 15 мың шағын несие берілмек

  • 596
  • UPD: 14:06, 26.03.2019

Қазақстанда алдағы үш жыл ішінде 60 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылмақ.

Ал ауылдағы жастарға бизнесін дөңгелету үшін 15 мың шағын несие беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 30 мыңнан аса мемлекеттік грант бөлу қарастырылған. Мұның бәрі жақында қолға алынатын «Жас кәсіпкер» бағдарламасының аясында жүзеге аспақ. Бүгін бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Үкімет отырысында мәлімдеді. Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы туралы баяндап, тағы бір тың бағдарлама жайында әңгімеледі.

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қазір «Жас маман» деп аталатын бағдарлама әзірленіп жатыр. Осы бағдарлама арқылы сұранысқа ие 100 индустриалды және сервистік кәсіптер бойынша мамандар дайындалады. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздегі 20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен 180 колледждің базасында жүзеге асады. Үш жылдың ішінде еліміздің барлық аймақтарында 200 мың жас азаматты оқытып шығаруды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы