377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Дипломмен ауылға»: жас мамандарға баспана берілуде

  • 201
  • UPD: 15:30, 26.03.2019

Алматы облысы Қарасай ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандар баспаналы болып жатыр.

Бұған дейін үй алуға берілетін бюджеттік несие иелерін тек аудандық әкімдік бекітетін. Ал енді өтінішті ашық әрі еш кедергісіз жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында беруге болады.

Әділ Қадырхан – жас маман. Үш жыл бұрын Қаскелең гуманитарлық колледжін тәмамдаған. Дипломын ала сала Шалқар ауылындағы орта мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  болып орналасады. Көп ұзамай үйленіп, шаңырақ көтереді. Жеке отау құрғасын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй алуға берілетін бюджеттік несиеге өтініш береді. Сөйтіп былтыр ауылдан екі бөлмелі үйге қол жеткізді.

Әділ Қадырхан, жас маман: 

- Ең басты тиімділігі, адамға нөл пайыз жарнамен несие беріп отыр. Сол мәселесі ыңғайлы. Төлеуге, бөліп төлеуге. Ай сайын 20 050 теңгеден төлейміз.

Әділ сынды ауданда жас мамандар көп. Олар да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы білім, денсаулық сақтау мен мәдениет саласында еңбек етіп жүр. Мысалы, 10 жыл ішнде тек Қарасай ауданында 500-ге жуық адамға жалпы соммасы 65 млн теңгеге жуық көтерме жәрдемақы берілген.

Еламан Өмірбаев, Қарасай аудандық әкімдігінің бөлім басшысы: 

- Ал 200 бюджеттік кредит бойынша 590 млн 297 мың теңге берілді. Оған 138 білім беру қызметкері. 33 денсаулық сақтау қызметкері және бір мәдениет қызметкері қамтылды.

Жалпы, ауыл жастарын қолдау мақсатында берілетін бюджеттік несие көлемі үш жарым миллион теңгені құрайды. Биылдан бастап өтінішті жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығында беруге болады. Яғни ешқандай бюрократиялық кедергісіз құжаттарыңды тапсыра бересіз. Жыл басынан бері ауданда 15 жас маман сондай несиеге қол жеткізді. Мамандардың айтуынша, ауылға агрономдар, мал дәрігерлері мен заңгерлер қажет. Енді оларға берілетін бір реттік көтерме жәрдемақы көлемі 172 мың теңгеден 252 мың теңгеге ұлғайтылады. Бұл көтерме жәрдемақы еліміздегі 15 мың жас маманға берілмек.  

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы