389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың атауын өзгертуге қосымша қаражат бөлінбейді

  • 541
  • UPD: 15:30, 26.03.2019

Ол іс-шаралар мемлекеттік ғимарат атауларын және ескірген белгілерді өзгерту мақсатында жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүргізіледі.

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайлов мәлімдеді. Оның айтуынша, қала атуын өзгерту кезең-кезеңімен жүргізіледі. Оның үстіне мемлекеттік органдар электрондық құжат айналымына көшкен. Сондықтан құжаттарды өзгертуге көп қаражат қажет етпейді.

Хабар 24 телеарнасы