379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жол апаты: зардап шеккен жолаушы сұхбат берді

  • 339
  • UPD: 15:35, 26.03.2019

Елордада болған жол апаты кезінде зардап шеккен бір жолаушы үйіне қайтарылды.

Ол алғашқы медициналық көмекке ие болғаннан кейін тілшілерімізге оқиғаның мән-жайын айтып берді. Зәуреш Өтемісова №303 автобустың ішінде болған. Апат салдарынан мұрны сынып, қос бірдей тізесі жараланды. Ал басқа зардап шегушілердің жағдайы ауыр. «Әсіресе, төртеуінің халі өмір мен өлім арасында», – дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, жол апатынан кейін 25 адам көпбейінді №2 ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ қалалық №1 және орталық жол ауруханасының қабылдау бөліміне түскен жолаушылар да бар.

Зәуреш Өтемісова, зардап шегуші:

- Бастапқыда мұнда қарбалас болды. Кейін дәрігерлер жағдайды өз бақылауына алды. Жол апаты кезінде жұмысқа бара жатыр едім. Автобус ішінде адам көп болған жоқ. Өте қатты дыбыс естілді. Есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам, жан-жағымда айқай-ушу болып жатты.

Хабар 24 телеарнасы