379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жол апатынан көз жұмғандардың отбасыларына материалдық көмек беріледі

  • 268
  • UPD: 18:08, 26.03.2019
Астанадағы жол апатынан көз жұмғандардың отбасыларына материалдық көмек беріледі

Астанада болған жол апатына не себеп болғаны тағайындалған сараптамалардан кейін белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетері, қаза тапқан жүргізушінің артында 4 бала қалды. Көз жұмған тағы бір 26 жастағы жолаушы  – Қарағанды облысының тумасы. Астана LRT басшылығы оның денесін туған жеріне жеткізу бойынша көмек қолын созамыз деп отыр. Сондай-ақ марқұмдардың отбасыларына тиісті материалдық көмек көрсетіледі.

Әлихан Қуатбеков, «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары:

– Өтемақы төлеу мәселесі қазір экспертизалардың қорытындылары белгілі болғаннан кейін қаралатын болады. Оны дәл қазір тап басып айту мүмкін емес.

Еске сала кетейік, астанада ірі жол апаты болып, 2 адам қаза тауып, 36 адам зардап шеккен болатын.

Хабар 24 телеарнасы