379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

  • 409
  • UPD: 16:21, 26.03.2019
Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек prometheus.ru

Елімізде банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан қосымша бонус беру тетігін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қосымша жаңа шаралар да қарастырып жатырмыз. Бұл - мемлекеттен азаматтарға, банк картасын пайдаланушыларға бонус беру. Аталған мәселені қазіргі уақытта талқылаудамыз», - деді ол.

Сонымен қатар ол бизнеспен бірге ірі мәмілелерді қолма-қол ақшасыз жүргізу мәселесін де талқылап жатқандықтарын айтты.

«Бизнеспен бірге қолма-қол формада ірі көлемде жасалған шығыстарға, сонымен қатар ірі мәмілелерге шегерім бойынша шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ірі мәмілелердің қолма-қол ақшасыз формада жасалуы үшін енгізілмек», - деді Р.Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы