379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА Астананың Нұр-Сұлтан аталуына қатысты үндеу жариялады

  • 196
  • UPD: 22:24, 26.03.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы да елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ұстанымдарын білдіру үшін Ассамблея активі арнайы бас қосып, үндеу жариялады. Жиынға этномәдени бірлестіктер, ғылыми-сарапшылық кеңес пен жастар қозғалысының өкілдері қатысты. Басқосуда Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Елбасының ел астанасын құруда атқарған ерен еңбегіне тоқталып, шешімді толық қолдайтынын жеткізді. Ал Ассамблеяның қалалық қоғамдық кеңесінің торағасы Әміржан Әлпейісовтың айтуынша, «Нұр-Сұлтан» атауы әлемдік брендке айналған. Сондықтан бұл өзгеріс елорданың одан әрі дамып, жаңа атпен танылуына септігін тигізеді.

Әміржан Әлпейісов, ҚХА қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– Осыдан оншақты жыл бұрын Ақселеу Сейдімбеков ағамыз осындай ұсыныс жасаған болатын. Ұлы даланы қайтадан жаңғыртып, рухын көтеріп, тәуелсіздігімізді тірілтіп, қайтадан танытып жатқан адамның есімімен елордамыз аталғаны дұрыс шешім.

Хабар 24 телеарнасы