379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандықтар: Елорданың жаңа атауын қолдаймыз

  • 176
Түркістандықтар: Елорданың жаңа атауын қолдаймыз

Түркістандағы Есім хан алаңына жиналған мыңдаған халық елорданың жаңа атауына қатысты өз ойларымен бөлісіп, қолдау білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жандос Жұмабек, тілші:

– Еліміздің бас қаласының жаңа атауын қолдауға бағытталған мерекелік шараға елімізге белгілі өнер жұлдыздары, яғни «Жігіттер квартеті», Ернар Айдар, тағы басқа танымал әншілер қатысып, Түркістан аспанын әсем әнге бөледі. Сондай-ақ осы орталық алаңға мыңдаған түркістандық жиналып, елорданың «Нұр-Сұлтан» деп аталуын қолдап, тілектерін жеткізді.

Әсел Әлиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

– Біз Түркістан қаласына Ақтөбе қаласынан келген қонақтармыз. Мұнда Астанаға «Нұр-Сұлтан» атауын беруге байланысты концерт болып жатыр. Біз де бұл идеяны қолдаймыз.

Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, облыстық басқармалардың басшылары, ардагерлер кеңесі мен жастар орталығының жетекшілері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдірді. Шын мәнінде елорданың бас сәулетшісі Елбасының өзі екенін жеткізді.

Кешке жиналғандар Астана Елбасының идеясы мен ұсынысының арқасында батыс пен шығыс мәдениетін тоғыстырған әсем шаһарға айналғанын атап өтті. Концерттің соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Нүриддин Ысқақов

Хабар 24 телеарнасы