384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәулен Әшімбаев: «Nur Otan» партиясы пікір алмасуға әрқашан дайын

  • 464
  • UPD: 22:55, 26.03.2019

«Конституцияға сай билікті табыстаудан кейінгі қазақстандық саясаттың жаңа келбеті».

Бүгін осы тақырып сарапшылар пікірталасына арқау болды. Қатысушылар ел үшін аса маңызды саяси кезеңде қазақстандық қоғамның ауызбіршілігін сақтау өте қажет дейді. Сондай-ақ олар Елбасы бастаған саяси бағытты жалғастыру маңызын атады. Олар тәуелсіздігімізді нығайтып, кәсіпкерлікті дамытып, тиімді әлеуметтік саясат және этносаралық келісімді одан әрі нығайту міндеті алда тұрғанын айтады.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– «Nur Otan» партиясы әрдайым ашық. Біз пікір алмасуға дайынбыз. Бұл диалогтың мақсаты – саяси, экономикалық, әлеуметтік салалар мен басқа да бағыттарға қатысты Елбасы атаған модернизациялық күн тәртібін іске асыру бойынша тиімді тетіктерді ойлап табу. Сондықтан осы орайда біз барлық мүдделі жақтармен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзірміз.

Хабар 24 телеарнасы