378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет адамға екі донордың бауырынан трансплантация жасалды

  • 218
  • UPD: 09:28, 27.03.2019

Елімізде тұңғыш рет қос донорлық бауыр трансплантациясы жасалды. Оны Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталық мамандары Оңтүстік кореялық заманауи технология бойынша сәтті жүзеге асырған. Қос донорлық операцияның артықшылығы неде?

Бірнеше жыл бұрын ауыр дертке шалдыққан Нұркен Сейітқұлов енді ауруханадан шығып, отбасымен қауышуға асығып жүр. Науқасқа елімізде алғаш рет қос донорлық бауыр трансплантациясы жасалды. Нұркенге бөлесі мен нағашысы бауырларының бөлшегін бөліп берген. Айта кетейік, мұндай операция бүгінге дейін әлемнің бес елінде ғана жасалған.  

Нұркен Сейітқұлов, рецепиент:

- Осы ауруымды үш жыл бұрын білдім. Гепатоцентрде тізімде тұрамын. Сол жаққа осы Сызғановтың хирургтары келді. Маған бауыр ауыстыру керек екенін айтты. Содан бері осындамын алты айдан бері. Бірінші Құдай, екінші осы кісілердің арқасы. 

Оңтүстік Кореядан шыққан қос донорлық трансплантация әдісі азиялық ұлттар үшін тиімді. Өйткені азиялықтардың бауыры еуропалықтардыкінен кіші болғандықтан көбінесе донор болуға жарамайды дейді мамандар. Сондықтан қос донорлық қолға алынған.

Болатбек Баймаханов, «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы:

- Екі туысқан ағайыны бауырының көлемдерін беріп, сол жақ бөлімін берді. Донордың өзінде 70 пайызы қалды. Ол өте жақсы көлем. Ағзаға ешқандай зиян келмейді. Екі, үш күннен кейін олар жүріп кетті, қазіргі таңда олар үйде. 

15 сағаттан аса жасалған операцияға 30-дан астам маман жұмылдырылған. Сызғанов орталығының дәрігерлері алдағы уақытта бұл әдісті кеңінен қолданбақ ниетте. Жалпы осы уақытқа дейін елімізде бір донорлық жүйемен  екі жүзге жуық бауыр трансплантациясы жасалыған.

Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы