379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana LRT-ның «қара тізіміне» енген 130-дан астам жүргізуші жұмыстан шығарылды

  • 336
  • UPD: 14:42, 27.03.2019

Елордада жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 300 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Ал көліктің техникалық жағдайына жауапты 6 тұлғаға әкімшілік жауапкершілік жүктелген. Жүргізушілер неден ағаттық жібереді? Жолаушылар тарапынан түсетін шағым қандай?

109 номері мен әлеуметтік желілерге бір тәулікте қоғамдық көлік тізгіншілеріне қатысты 20 шақты шағым түседі. Жүргізушінің дөрекілігі, міндетіне жауапсыз қарауы, жол ережесін өрескел бұзуы, қауіпсіздікті сақтамау. Жіктей берсең, шегіне жетпейсің. Сын-пікірлер сан түрлі.

Бұл автобустар адамдарға арналғанын ұмытып кететін сияқты. Өздеріне арналған жолақты кесіп өтіп жүре береді. Құдды ағаш тасып бара жатқандай.

Қайран, 90 теңге не істетпейді-ау?

Жүргізушілер телефонға қарап отырады. Жолға қарауды қойды. Телефондарын алып, камераны тура жүргізушінің алдына қою керек.

Жылдамдықты арттырып, бір-бірімен жарысқа түсетін жүргізушілерге қарап айтылған шағымдарды жалған деу қиын. Автобустың есігін ашып, терең тыныстап келе жатқан мына көріністі жолаушылардың бірі телефонға түсіріп алған. Осындай дәйектер жеткілікті. Біра, жол-көлік оқиғасына негіз болуы мүмкін әрбір әрекет заңмен қудаланады. Жыл басынан бері ҚР ӘК 617 бабы бойынша 300-ден аса жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Арнайы куәлігіне айырылғандар да бар.

Софья Қылышбекова, Нұрсұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 2017-2018 жылмен салыстырғанда әжептәуір төмендеген жол-көлік оқиғасы. Барлық көліктерге бақылау жасайтын бейнебақылау камералары. Олар автобустардың ішінде де орналасқан. Жол қозғалысын қадағалайтын  90 пайызы бұл бейнебақылау камералары.

Жыл басынан бері қоғамдық көліктің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның екеуіне жүргізушілер айыпты. Бірі мерт болғаны белгілі. Бірақ, алдын алу шараларының арқасында көрсеткіш төмендеп келеді. 2017 жылы 75, былтыр 50 оқиға орын алды. Айтпақшы, Астана LRT-нің қара тізімінде 130-дан аса жүргізуші мен 670-ке жуық кеңесші көрсетілген. Олар қоғамдық көлікте жұмыс істеуден шеттетілді. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарақойшы

Хабар 24 телеарнасы