389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының ардагерлері елорда атауының ауыстырылуын қолдайды

  • 380
  • UPD: 10:35, 27.03.2019
Алматы облысының ардагерлері елорда атауының ауыстырылуын қолдайды

Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Өйткені ол басқарған жылдары елімізде оң өзгерістер болды.

Санаулы жылдардың ішінде ғасырға пара-пар жұмыстар атқарылды. Оны өзіміз сүйсініп айтсақ, әлем жұртшылығы таңданыспен айтады. Сондықтан Астана қаласына Елбасының атын беру жөніндегі шешімді қуана құптаймыз,-дейді Алматы облысының тұрғындары.

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Тәуелсіз ел болып міне 28 жыл өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біздің халқымыз енді түсінді, етек-жеңін жиды. Елбасына жаңағыдай құрмет жасап жатсақ, бұл тек қана Елбасына емес, қазақ халқына - өзіне-өзі құрмет жасап жатқанының белгісі деп білем.

Жақыпбек-Қажы Өмірбек, еңбек ардагері:

- Ел-жұртымыздың қолдап, мына Астананы Назарбаев атына - тұңғыш Президентке береміз деп жатқанын мен толығымен қолдаймын. Өйткені соған лайық адам.

Хабар 24 телеарнасы