377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда наурыздың аяғында жауын-шашынды болады

  • 271
  • UPD: 17:16, 27.03.2019
Қазақстанда наурыздың аяғында жауын-шашынды болады ptzgovorit.ru

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша 28-30 наурыз күндері ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3-5 градусқа жылы болады.

Өзбекстанда орналасқан циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив солтүстік-шығыс бағытта жылжиды. Онымен алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде жаңбырмен бірге найзағай және қатты екпінді жел күтіледі.

Солтүстік-шығыс бағытта жылжыған циклон жауын-шашын, әсіресе республикамыздың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында көбінесе жаңбыр түрінде болады. Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінен, батыс және солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар жылжиды. Мұнда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман және көктайғақ болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5 градусқа жоғары сақталады.

Хабар 24 телеарнасы