378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды

  • 190
  • UPD: 23:53, 27.03.2019
Шымкентте тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды Kapital.kz

Мұнда тәулігіне 600 азаматтың құжатын рәсімдеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тұрғындар автокөлікті тіркеу және есептен шығаруға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді осында келіп алады. «Үшінші мегаполисте мұндай қызметке сұраныс жыл сайын шамамен 30 процентке артып отыр», – дейді сала мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда мамандандырылған орталық арқылы 45 мың жүргізуші куәлігі берілген. 200 мыңнан астам автокөлік тіркеу және қайта тіркеуден өтті. Бұл қызметке деген сұраныстың көптігін көрсетеді. Сондықтан да қалаға бір мамандандырылған орталық аздық етіп, екіншісі ашылып отыр. Бұл орталықта 52 маман жұмыс істейді. Ал дайын құжаттарды қабылдау және беру бойынша 20 қызметкер бар.

Аслан Аймырзаев, қала тұрғыны:

- Өзіме автокөлік алдым. Иесімен бірге көлікті рәсімдеуге келдік. Өте ыңғайлы екен. Қаланың ортасында. Бірінші мамандандырылған ХҚКО-ға қарағанда адам өте аз. Ойдағыдай.

Дәулет Дүйсенбеков, мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы:

- Күніне 600-700-ге жуық қызмет көрсете аламыз. Өте қолайлы. Қазіргі таңда біз автокөліктерді жүргізуші куәлігімен және автокөліктерді қайта тіркеу құжаттарын қабылдап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы