379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

  • 87
  • UPD: 23:53, 27.03.2019
СҚО-дағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Қазір төтенше жағдайлар қызметі Ғабит Мүсірепов ауданында қызу іске кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені осыдан екі жыл бұрын мұнда мұз кептеліп, Рузаевка селосына су жайылған еді. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі су өткізгіш құбырлардың 93 проценттен астамы тазартылды. Арнайы жедел штаб құрылып, жағдай бақылауда тұр. Айта кетерлігі, биыл өңірде 92 елді мекенді су басу қаупі бар.

Рүстем Жұмағалиев, облыстық ТЖД жедел штабының жетекшісі:

- Осы күнге дейін аталған жұмыстар Айыртау, Тайынша аудандарында жүргізілді. Енді бұдан былай мұз кептілісі қайда орын алады, шаруалар сол жерде атқарылатын болады. Ол үшін жергілікті әкімдіктермен келісімшарт жасалып, қаржы қарастырылды. Жалпы қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақты.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы