379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда елорда атауының өзгеруіне қатысты форум өтті

  • 190
  • UPD: 23:53, 27.03.2019
Таразда елорда атауының өзгеруіне қатысты форум өтті

Елорданың атауын Нұр-Сұлтан болып өзгеруі – талқылауды қажет етпейтін шешім.

Жамбылдықтар бұл халықтың Елбасына көрсеткен құрметі, һәм ризашылығы деп біледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Таразда осыған қатысты «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдары форум өткізді. Жиынға шалғайдағы аудан, ауылдардың тұрғындары қатысып, тарихи шешімді қуанышпен қабылдағандықтарын жеткізді.

Анар Ахметова, Nur Otan партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл шын мәнінде біздің Елбасының Астана қаласын бүкіл әлемге мойындатып, осы аз ғана 20 шақты жыл ішінде қазақтың бағын дәуірлетіп, Астана қаласының әлем мойындаған қалалардың қатарына қосып отырғаны бізді қуантады. Сондықтан Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып аталуын біз барлық жамбылдықтар толығымен қолдаймыз. 

Дамира Сүгірбай, Nur Otan партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Жас ұрпақтың осы Елбасын ұлықтап, Астанамызға есімін беруі бұл қазақстандықтардың Елбасына деген ризашылығын білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы