379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтарға атаулы әлеуметтік көмек алудың тәртібі түсіндірілді

  • 219
  • UPD: 23:52, 27.03.2019
Оралдықтарға атаулы әлеуметтік көмек алудың тәртібі түсіндірілді

Оралда былтыр 624 отбасыға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 200-ден астамы көп балалы отбасы. Ал биыл жыл басынан бері 1897 адамды қамтитын 410 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Қалалық жұмыспен қамту орталығы осы мәселеге орай күн сайын жүзден астам адамға кеңес береді. Жыл басынан бері орталықтың көмегіне 3 мыңдай тұрғын жүгініпті.

Айта кету керек, аймақта көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 25 мыңдай отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Шыңғыс Шәкіл, қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап АӘК табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен аспайтын отбасыларға тағайындалады. Қазіргі кезде ол 50 пайыздан аспайтын отбасыларға тағайындалуда. Біздің орталықта АӘК сұрағы бойынша колл-орталық жұмыс жасап жатыр. Тұрғындар осы көмек бойынша сұрақтарымен 3037 нөміріне хабарласуына болады. 

Орынша Есназарова, қала тұрғыны:

- Біз балалардың жәрдемақысы жөнінде білейін деп келдік, табысы жөнінде берілетін. Сұрадық, бәрін анық түсіндірді. Біз отбасында алтаумыз, 4 балам бар. Осы сәуірден бастап беріледі деді.

Хабар 24 телеарнасы