378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Әдекенов: Елорда атауының ауысуы – Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет

  • 163
  • UPD: 23:52, 27.03.2019
С.Әдекенов: Елорда атауының ауысуы – Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет

Қарағандыдағы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясының мүшелері Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атау дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім деп есептейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, бұл Елбасының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданың қалыптасуы жолында сіңірген ерен еңбегіне деген құрмет. 

Серғазы Әдекенов, Фитохимия ҒӨБ орталығының президенті:

- Астанамызды Нұр-Сұлтан қаласы болып аталуы халықтың ортасында оң қолдау тауып жатыр. Халық бірауыздан бұл шешімді қолдап жатыр. Бұл өзінің үлкен әсерін береді. Экономикалық, саяси дамуымызға үлкен өзгерістер әкеледі және халықты ұйымдастырады. Әлі де қоғам оны көреді, алдымызда еліміздің үлкен дамуы болады деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы