379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы әуе апатының себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды

  • 244
  • UPD: 10:22, 28.03.2019

Қызылорда облысында кеше сағат 17:35 шамасында əскери тікұшақ апатқа ұшырадыдеп хабарлайды «Хабар 24».

Экипаж мүшелері және борттағы өзге жолаушылар қайтыс болды.

Нұрлан Жақыпбек, тілші:

– Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери əуе күштерінің тікұшағы Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылынан шамамен 7-8 шақырым жерде Шіркейлі каналының жанына құлаған. Біз оқиға орнына түн жарымда жеттік. Апат орын алған жерді полиция қызметкерлері мен əскерилер қоршап тұр, əзірге БАҚ өкілдерін жақындатқан жоқ. Алдын ала мəлімет бойынша құлаған тікұшақ өртке оранған. Қаза тапқандар бар.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– 17.42-де алғашқы шақырту түсті. 18.02-де алғашқы жедел жəрдем бригадасы осы жерге жетті. 4 жедел жəрдем бригадасы жұмыс жасады. Көмек көрсетілген адамдардың саны жоқ.

Жалпы аймақта соңғы екі күнде нөсер жаңбыр жиі жауды. Алдын ала мəліметтер бойынша 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған.

Ұшу метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жұмысын бастады. Əуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы