389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

  • 394
  • UPD: 11:29, 28.03.2019

Ақмола облысында алдағы күндері өзен-көлдердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазгидрометтің» аймақтағы филиалы мәлімдеді. Ақпаратта айтылғандай, наурыз айының 28-29 күндері өңірде жауын-шашын болып, күндіз ауа райы +12 градусқа дейін жылиды. Түнде 2 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Сондықтан мұның барлығы су айдындарының арнасынан асуына сеп болуы ықтимал. Әсіресе, қазір Сілеті және Шағалалы өзендеріндегі су деңгейі едәуір көп. Сол себепті синоптиктер жергілікті билік өкілдеріне ескерту таратты. Бүгінде облыс бойынша тасқынның алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр.

Анна Бронникова, «Қазгидромет» РМК филиалының жетекші инженер-гидрологы:

– Мәселен, Жабай өзенін алар болсақ, биыл ондағы су деңгейі қалыпты. Бүгінгі күні өзеннің Сандықтау және Атбасар аудандарындағы сағасы мұздан біртіндеп тазарып, су емін-еркін ағып жатыр. Ал Сілеті өзенінде су деңгейі қазір 44 см-ге көтерілді. Шағалалыда да 26 см-ге жоғарылады. Облыс бойынша орналасқан гидробекеттерден күнделікті ақпарат алып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы