378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде су тасқынынан қауіп сейілді

  • 192
  • UPD: 07:57, 28.03.2019
Ақтөбеде су тасқынынан қауіп сейілді

Ақтөбеде 95 мың текше метр су сорылып, мыңдаған тонна қар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы құрылған штабқа қала тұрғындарынан 340 қоңырау түскен. Жалпы су тасқынының алдын алу жұмыстарына 130 техника мен 200 адам жұмылдырылған. Қала маңындағы елді мекендерде арықтар қазылып, өзендердің арнасы кеңейтілді. 3 ірі су қоймасы әлі 50 процентке де толған жоқ. Бұл – облыс орталығындағы жағдай. Даладағы қардың көбесі енді сөгіле бастады. «Алайда дала суынан айтарлықтай қауіп жоқ», – дейді мамандар. Себебі биыл қар мөлшердегіден аз түскен. Өзендерге де арнасынан асатындай су жинала қойған жоқ. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды.

Бекболат Нұрашев, қала әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы:

– Негізі биыл қар мөлшерден төмен болды. Сол себепті ауа райының бізге көмегі болды. Күндіз жылып, түнде аяздануға байланысты қардың еруі жылдам болған жоқ. Жағдай қалыпты. Су қоймаларында да жағдай қалыпты. Екі-үш күнде ауа райына қатысты өзгеріс болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы