377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда су тасқынына байланысты құтқару бригадасына 300-ден астам қоңырау түскен

  • 135
Петропавлда су тасқынына байланысты құтқару бригадасына 300-ден астам қоңырау түскен

Петропавл қаласында көктемгі тасқынның әлегі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының жылынуына байланысты жеке секторда тұратын тұрғындарды еріген қар суы әуре-сарсанға салуда. Қазір коммуналдық қызметшілер тәуліктік жұмыс кестесіне көшті. Осылайша олар күн-түн демей, су сору жұмыстарымен айланысып жатыр. Қазір шаһарда үш үйге су кірген. Бұл баспаналарды мамандар бақылауда ұстап отыр. Ал осы күнге дейін апаттан құтқару бригадасына 300-ден астам қоңырау келіп түскен. Олардың көбі «Жұмысшы кенті», «Береке» және «Ойқала» аудандарынан.

Павел Булаев, «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш» МКК директоры:

– Қоңыраулардың саны күн санап артуда. 6 бригада қазір жұмыс істеп жатыр. 11 арнайы техникамыз бар. Қала бойынша 12 мың текше метр су сорылды. Мұнымен қоса бекітіліп қалған суағарларды да тазалап жатырмыз. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы