377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландқа саяхаттап барған қазақстандықтар денге безгегін жұқтырып келді

  • 153
Таиландқа саяхаттап барған қазақстандықтар денге безгегін жұқтырып келді

Алматыда жыл басынан бері денге безгегін жұқтырған 4 науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жақында Таиландта демалып қайтқан тағы бір отандасымыздың қан талдауы күдік туғызып, зертханаға жіберілген.

Тай елінен келген отандастарымыздың қызуы көтеріліп, денелеріне бөртпе шығып, буындары сырқырай бастаған. Денге безгегінің негізгі белгілері де осы. Ауруханаға түскен 4 науқастың екеуі үйлеріне шығарылса, қалған екеуі әлі емделіп жатыр дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова. Денге безгегі климаты жылы тропикалық және субтропикалық елдерде жиі кездеседі. Әдетте бұл вирус сол елдерге тән масалардан тарайды. Бірақ адамнан адамға жұқпайды. «Дегенмен асқындырып алған жағдайда өліп кету қаупі де бар», – дейді мамандар. Сондықтан жылы елдерге сапарға шығар алдында міндетті түрде масадан қорғануға арналған жақпаларды алып жүру керек.

Айзат Молдағасимова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

– Қазір бізде 4 адам тіркелген. Бесінші адам ауруханада тағы да емделіп жатыр. Лаборатория зерттеуі біткеннен кейін бесінші адам болып тіркелуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы