378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы 1,2 млн шағын және орта бизнес субъектісінің 43% әйелдерге тиесілі

  • 170
Қазақстандағы 1,2 млн шағын және орта бизнес субъектісінің 43% әйелдерге тиесілі

Еліміздегі 1,2 млн шағын және орта бизнес субьектісінің 43% әйелдерге тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар медицина, білім және сауда-саттық салаларында белсенді еңбектенуде. Бұл туралы «Әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты жиында сөз болды. Республикамыздағы эконономикалық өсімде кәсіпкер әйелдердің үлесі артуда. Дегенмен проблемалар да жоқ емес. Мысалы, нәзік жандылар ерлерге қарағанда аз ақша алады. Табыс айырмашылығы 35% шамасында. Шарада әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық көру мәселелері де талқыланды. Конференцияға қатысушылар Бейжің декларациясының ережелеріне сәйкес Ұлттық комиссия мен мүдделі мекемелер дайындаған ұлттық шолу жобасын талқылады. Шолуда соңғы бес жылда түрлі саладағы әйелдердің жағдайын жақсарту үшін жасалған жұмыстар көрсетілген.

Эльвира Әзимова, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

– Әрине, шешілмеген проблемалар бар. Бұл – теңдікті сақтау мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен одан әрі күресу қажеттілігі. Бұл үшін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия нақты міндеттерді белгіледі. Оған құқықтық қолдау жағын жетілдіру ғана емес, құқық қорғау органдарының құзіретін күшейту де кіреді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, тұтастай алғанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беруде үкіметтік емес сектордың, жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктерін кеңейту.

Хабар 24 телеарнасы