377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қызыл жарты айы ұйымының көмек қоры құрастырылмалы 48 үймен толықты

  • 148
  • UPD: 11:39, 28.03.2019

Қазақстан Қызыл жарты айы ұйымының көмек қоры төтенше жағдай кезінде пайдалануға арналған құрастырылмалы 48 үймен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматыда Біріккен ұлттар ұйымының тартуы таныстырылып, екіжақты келісімге қол қойылды.

Алматыға алғаш әкелінген құрастырылмалы үйлер табиғаттың тосын мінезіне төзімді. Сарапшылардың айтуынша, берік материалдардан жасалған бұл үйлер әлемнің көптеген елдерінде пайдаланылады. Негізінен Таяу шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қамтылған.

Урара Фурукава, БҰҰ босқындар мәселесі бойынша кеңесшісі:

– Бұл үйлер төтенше жағдай кезінде өз көмегін тигізеді, деп үміттенемін. Зардап шеккен тұрғындарды орналастыруға өте тиімді. Біріккен ұлттар ұйымы Қызыл жарты ай қоғамымен әріптестік байланысты жоғары бағалайды.

Бұл үйдің басты артықшылығы, жылдам жиналып, құрастырылады. 17 шаршы метрлік бір үйді бес сағатта құрастыруға болады. Бұзу үшін бір сағат жеткілікті. Арнайы үйретілген мамандар төтенше жағдай кезінде жылдам баспанамен қамтуға дайын. Бұл уақытша баспана үш жылға дейін жарамды.

Аслан Түсіпжанов, Қазақстан Қызыл жарты айы ұйымының бөлім басшысы:

– Бұл үйлер суыққа және 50 градусқа дейінгі ыстыққа төзімді. Секундына 10 метрлік боранға да шыдас береді. Қыста арнайы жабындымен қапталады. Күн сәулесінен қуат алатын үйде тұрақты электр қуаты бар.

Айта кетейік, Қызыл жарты ай ұйымы еліміздің төтенше жағдай қызметімен тығыз байланыста. Кез келген уақытта зардап шеккендерді баспанамен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге дайын.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы