379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында болған тікұшақ апатының себебі әлі анықталған жоқ

  • 195
  • UPD: 09:37, 28.03.2019
Қызылорда облысында болған тікұшақ апатының себебі әлі анықталған жоқ

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери тікұшақ Қызылорда облысының Жалағаш ауданының аумағында апатқа ұшырады.

Ресми деректерге сүйенсек, бортта 13 адам болған, және экипаж мүшелерінің қайтыс болғаны хабарланды. Тірі қалғандар жайында мәлімет жоқ. Тікұшақ Ақтаудан Шымкентке ұшқан. Дәл қазір апаттың неден екені анықталған жоқ. Апатқа байланысты іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.

Сонымен қатар апатқа байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы