376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

  • 209
  • UPD: 11:06, 28.03.2019
«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 метр биіктікке шапшып жанған қызыл от жергілікті уақыт бойынша түнгі 1-де өздігінен тоқтаған. «Қазір апат орнында су-газ қоспасы да, өрт те өшті», - деп хабарлады осы өңірдегі тілшілеріміз.

Ал экологтар сол маңнан су, ауа мен топырақтың сынамасын алып, зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Облыстық экология басқармасының басшысы Руслан Төкеновтың айтуынша, апат болған аумақ қалпына келтіріледі. Мұны осы маңда жұмыс істеген «Си бу» компаниясы міндетіне алады. «Ал, қоршаған ортаға келген залал мен шығын көлемі арнайы тексерістен соң белгілі болады», - деді Төкенов.

Айта кеткен жөн, кеніштегі өрт осыдан 3 күн бұрын шығып, 89 сағат бойы жанып тұрды. Тілсіз жауды өшіруге аймақтағы өрт сөндірушілермен қоса Атырау облысынан да арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы